Спорт
1 мин оқу 363

Байрақты бәсекелер өтеді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Бейжіңдегі Ақ Олимпиада аяқтал&shy;ғанымен, қысқы спорт түрлерінен жарыстар әлі де жалғасуда. Алдағы күндері бізді тағы бірқатар байрақты бәсеке күтіп тұр.</p>

Байрақты бәсекелер өтеді

Кеше Норвегияда шаңғыдан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем біріншілігінің шымылдығы түрілді. Алты күнге созылатын жарыста Қазақстанның намысын бес спортшы қорғауда. Олар – Айша Рақышева, Кәмила Махмұтова, Святослав Матасов, Мария Люфт және Темірлан Төлегенов. 26-27 ақпан күндері Ресейдің Ярославль қаласында шаңғы акробатикасынан әлем кубогының кезеңдік сайысы өтеді. Шорт-тректің могул түрінен дәл сондай бәсеке Жапонияның Тазавакосында ұйымдастырылады. Спорттың осы түрінен дүниежүзілік доданы 18-20 наурыз күндері Канаданың Монреаль шаһары қабылдайды. Келесі айдың басында конькишілер Норве­гияның Хамарында жалауы желбірейтін әлем чемпионатында бас қосады.

Сондай-ақ ақпанның соңы мен наурыз айының аяғына дейін биатлон, шаңғы, шаңғы қоссайысы, шаңғымен трамплиннен секіру, мәнерлеп секіру және басқа да қысқы спорт түрлерінен өтетін тартысты бәсекелерді тамашалаймыз.

Бөлісу:
Байрақты бәсекелер өтеді · Egemen Qazaqstan