Коронавирус
1 мин оқу 1,192

Елордада карантинге байланысты жаңа қаулы шықты

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантинге байланысты жаңа қаулының мәтінін жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа қаулы талаптары бойынша, енді кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыруды жалғастыру;

барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), 18 және одан жоғары жастағы білім алушылардың келушілері үшін;

спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;

білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін); Қала тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация жүргізу бойынша бақылауды күшейту қарастырылған.

Сондай-ақ халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттігі туралы хабардар ету мәселесі қарастырылған.

Бөлісу:
Елордада карантинге байланысты жаңа қаулы шықты · Egemen Qazaqstan