Экология
1 мин оқу 745

Алматыда таза ауа үшін митинг өтеді

<p style="text-align: justify;">Алматыда таза ауа үшін митинг өтеді. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы қаласының әкімдігіне хабарлама 8 ақпанда түскен. Онда қаланың экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдіру мақсатында сағат 12.00-ден сағат 14.00-ге дейін «Шоқан Уәлиханов» атындағы саябақта митинг өткізу сұралған. Қатысушылардың болжамды саны 20-дан 60 адамға дейін.

Ведомство мәліметінше, митинг «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң талаптарына сай.

«Сондықтан, заңға сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы №1/35 қаулысы бойынша көрсетілген митингіні өткізуге келісім берілді», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Алматыда таза ауа үшін митинг өтеді · Egemen Qazaqstan