Қазақстан
1 мин оқу 380

Қазақстанның бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Ертең Қазақстанның бірнеше облысында тұман мен бұрқасын болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктер Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Қарағанды мен Жезқазған қалаларында тұман түседі деп болжап отыр.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, шығысында және Орал қаласында көктайғақ және тұман күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында-боран. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында - тұман, көктайғақ. Ақтөбе қаласында - көктайғақ.

Атырау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында және Атырау қаласында тұман түседі.

Бөлісу:
Қазақстанның бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды · Egemen Qazaqstan