Әлем
1 мин оқу 480

Украина ЕО-дан жедел көмек сұрады

<p style="text-align: justify;">Украина азаматтық қорғау тетігі аясында Еуропалық Одақтан шұғыл көмек сұрады. Бұл туралы дағдарысты басқару жөніндегі Еуропалық комиссар Янез Ленарчич мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Украина ЕО-ның азаматтық қорғау тетігі арқылы жедел медициналық көмекке жүгінді, мен мүше мемлекеттерді бұған дереу жауап беруге шақырамын», деп жазды Янез Ленарчич Twitter-де.

24 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин өзінің Жолдауында Донбаста арнайы әскери операция өткізілетінін жариялады. Оның айтуынша, операцияның мақсаты - сегіз жыл бойы геноцидке ұшыраған ДНР мен ЛНР тұрғындарын қорғау.

Бөлісу:
Украина ЕО-дан жедел көмек сұрады · Egemen Qazaqstan