Ауа райы
1 мин оқу 333

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында тұман түседі. Атырау облысының батысы мен орталығында оңтүстік-шығыстан 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-18 м/с жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Орал қаласында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Маңғыстау облысының шығысында күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел екпіні 15-18 м/с. Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар облысының батысында тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Бөлісу:
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Egemen Qazaqstan