Әлем
1 мин оқу 230

Киевтен Львовқа тағы бір эвакуациялық автобус аттанады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Украинадағы Елшілігі қазақстандықтар үшін тағы бір эвакуациялық автобус жібереді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Эвакуациялық автобус Киевтен Львовқа 28 ақпан барады, делінген хабарламада.

2022 жылғы 28 ақпанда сағат 9:30-да Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінен қазақстандық азаматтарды эвакуациялау үшін автобустың Львов қаласына баруы жоспарлануда.

Автобустың сыйымдылығы 50 орын.

Елшіліктің мекен - жайы: Ю. Ильенко, 26

Байланыс нөмірлері: +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08

Елшіліктен Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің әлеуметтік желілері мен мессенджерлеріндегі өзекті ақпаратты бақылап отыруды сұрады:

Instagram - kazenbukr

Фейсбук - KazEmbassyUkr

Телеграм - t.me/KZembassyinUKR

Бөлісу:
Киевтен Львовқа тағы бір эвакуациялық автобус аттанады · Egemen Qazaqstan