Өнер
2 мин оқу 590

Өткір мінезді «Өткел»

<p style="text-align: justify;">Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде белгілі суретші Алмас Нұрғожаевтың &laquo;Өткел&raquo; атты көрмесі ашылды. Тынымсыз ізденісінен танбай, өзіндік дара қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген Алмас жаңа көрмесін ұстазы Игілік Құлбаевтың рухына арнаған. Экспозицияда мазмұны жағынан мағыналас жаңа жеті триптих топтастырылған.</p>

Өткір мінезді «Өткел»

2019 жылы алғашқы көрмесі «Дебютпен» басталған Алмас бұл жолғы жеке көрмесін «Өткел» деп атауды жөн санаған. «Дебют» көрмесі жас қылқалам шеберінің дарыны мен табандылығын, шы­ғармашылықтағы даралығын көрсетті. Алмас Нұрғожаев қазақ­стандық талантты суретші, педагог Жұмақын Қайрамбаевтан дәріс алған. Шәкіртінің бойына сенім мен күш ұялатқан ұс­тазының көп жылдық еңбегі ақ­талды, Алмас өзіне ғана тән стиль қалыптастырды. Көрменің же­текшісі, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, өнертану кандидаты Екатерина Резникованың айтуынша, бүгінгі күні Алмастың шығармашылық болмысынан үлкен картиналардың монументалды үлгісін, суреткердің еркін толғанысын, әдейі дефор­мацияланған масштабтары бар фигуралардың күтпеген дина­ми­калық бұрыштарын, үнем, түс­тердің қайталанбас бояуын кө­руге болады. Осы сапаның бар­лығы оның алғашқы жеке көр­месінде-ақ байқалған болатын. Суретшінің кейінгі екі жылдағы ізденісі, даму қарқыны бүгінгі көрменің мазмұн-мәнін арттыра түскен. Кес­кіндемелердің үлкен форма­ты композицияны дамытып, күрделендіруге, ой­дың қозғалысын көрсетуге мүм­кіндік беретін триптихтермен алмасқан.

ат

Екатерина Резникова Алмас­тың әр жұмысына жеке тоқтала тұрып, суретші қиялынан туған экспозиция сюжеттеріндегі абс­тракция мен бейненің мазмұнын тарқатты. Бұл сюжет жеті көлемді триптихтен құралған. Олардың бесеуінде түпсана ойынына ұқ­сайтын сұйық және өткір формалар комбинация­сы, әсіресе қорқынышты түстер мен қиялды еске түсіретін тұрақсыз бейнелер басым. Адамның бейнесі бұл жерде тек көрінер-көрінбес бейнеленген. Ілгектері бар саусақтар және қозғалатын тізе-шынтағы бар антропоморф көріністер, сұр-сары түсті пішінді мазасыз құбыжық бейнелері мен пішіндері үрей туғызады. Суреттер өткір, сергек әрі мәнерлі болып көрінеді.

Қиял әлеміне енетін бес трип­тихтің қос қапталында ерекше туындылар орналасқан. Іші бос текше тәрізді лабиринттер па­нельді тұрғын үйлерді немесе Малевичтің қиялдарын еске тү­сіреді. Бір триптих – бір күн­нің аяқталып, қара-ақ-сұр түсті бұлыңғыр басқа әлемге енгенін көрсетеді. Одан кейін екі жыл бойы пандемия жағ­дайында өмір сүр­ген автордың өзінің және орта­сының басынан кешкен үрей мен драмаға толы сезімдері күшейіп, кейде әлсірегені бейнеленген. Ал басқа триптихтерде әлем қайтадан өз қалпына келіп, «ғажайып әрі қаһарлы әлем» қызыл-сары-ақ түс­ке енеді.

Суретші қиындыққа қарамас­тан, түпсанадағы көріністерді бей­нелеу, «қас қағым сәттерді тоқ­тату» сияқты шеберлікті өзіне міндет етіп қойған сияқты. Ол ме­тафизикалық және филосо­фия­лық проблемаларға мән берген. Бұл жерде болып жатқан оқиғадан гөрі, адамның қайғысы, өмір­дің жұмбағы, айналадағы құ­быластардың беймәлім болуы туралы рухани мәнге ие маз­мұн байқалады. Адамның ішкі күйінің тұрақсыздығы мен құбылмалылығы туындының «Өткел» деген атауға сұранып тұрғанын көрсетеді. Бұл – ке­ңіс­­­тіктегі топографиялық қоз­ға­­лыс қана емес, сонымен қа­тар үміттенуге құқық бере­тін бел­гі­сіздік шекарасы. Сурет­ші ше­­бер­лігіндегі алып-ұшқан құш­­тар­лық­қа, сезімнің күшіне, бей­­нелеу қар­қынына, еркін­дік­ке қарап, өз ісіне берілген мұн­дай мықты тұлға біздің өнер кеңіс­ті­гімізде көптен бері бол­маған десек, артық емес.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Өткір мінезді «Өткел» · Egemen Qazaqstan