Теннис
1 мин оқу 195

Халықаралық турнирде топ жарды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Tennis Europe турнирінің чемпионы атанды. Жарыс Франция астанасы &ndash; Парижде ұйымдастырылды.</p>

Халықаралық турнирде топ жарды

Еуропаның 14 жасқа дейінгі тен­нисшілері арасында әлемнің 5-ракеткасы саналатын Заңғар Нұрланұлы финалда жергілікті теннисші Тимео Труфеллимен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда корт иесі 7:5 есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте жерлесіміз ойын тізгінін өз қолына алып, таразы басын теңестірді – 6:1. Үшінші, шешуші партияда да З.Нұрланұлы қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:1. Осылайша жерлесіміз Tennis Europe сериясы бойынша өткен турнирлерде төртінші титулына қол жеткізді. Айта кетейік, кезінде бұл жарыста Роджер Федерер, Рафаэль Надаль, Гаэль Монфис сияқты мықты теннис­шілер де жеңімпаз атанған болатын.

Жарыс барысында отандасымыз әуелі аустриялық Максимиллиан Хей­дель­­­майерді, кейін Францияның жасөс­пірім­дер арасындағы бірінші ракеткасы Лени Кутурьені, ширек финалда Ресей өкілі Сава Рыбкинді, жартылай финалда ли­вандық Даниэль Жадты жеңген болатын.

Бөлісу:
Халықаралық турнирде топ жарды · Egemen Qazaqstan