Футбол
1 мин оқу 150

Барлық турнирден шеттетті

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Еуропа футбол одағы (УЕФА) Ресей ұлттық құрамасы мен клубтарын барлық халықаралық турнирден шеттетті.</p>

Барлық турнирден шеттетті

Атап айтқанда, Ресей құрамасы наурыз айы­ның соңында Қатар астанасы – Дохада өтетін футболдан әлем біріншілігіне жолдама беретін плей-офф кезеңінде Польша құрамасымен ойнауға тиіс еді. Бірақ ФИФА шешімімен Ресей құрамасы бұл ойыннан шеттетілді.

Сондай-ақ УЕФА да Ресей клубтарына барлық халықаралық жарыста ойнауына тыйым салды. Соның салдарынан Еу­ропа лигасының 1/8 финалында бақ сынап жат­қан Мәскеудің «Спартагы» байрақты бәсекеден шығып қалды. Олар 10 және 17 нау­рызда Германияның «Лейпцигімен» ширек финалдың жолдамасын сарапқа салатын еді.

Сондай-ақ Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы да Ресей мен Беларусь құрама­ларын алдағы мамыр айында Финляндияда өтетін әлем чемпионатынан шеттетті.

Бөлісу:
Барлық турнирден шеттетті · Egemen Qazaqstan