Әлем
1 мин оқу 155

Харьков қаласында бір тәулікте 21 бейбіт тұрғын қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Өткен тәулікте Украинаның Харьков қаласында Ресей қарулы күштерінің атқылауынан 21 бейбіт тұрғын қаза тауып, 112 адам жарақат алды. Бұл туралы Telegram-арнасында Харьков мэрі Олег Синегубов хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оның айтуынша, соңғы тәулікте қаланы артиллериялық атқылау қарқынды жүргізілген.

Наурыздың 2-сі күні таңертең Ресей әскері Харьков қаласындағы полиция бөлімі мен университет ғимараттарына әуеден шабуыл жасады.

РФ Қарулы Күштерінің механикаландырылған бөлімшелері бұзып өтуге тырысқан солтүстік-шығыс және солтүстік кварталдарға соққы берілді. Барлық шабуылдарға тойтарыс беріліп, 40-тан астам әскери техника қолға түсті.

Олег Синегубов ресейлік Су-25 ұшақтарының Харьков облысының Чугуевск ауданындағы аэродромға да шабуыл жасағанын айтты. Сондай-ақ Украина әскері Ресей Аэроғарыш күштерінің бір ұшағын атып түсірген.

Бөлісу:
Харьков қаласында бір тәулікте 21 бейбіт тұрғын қаза тапты · Egemen Qazaqstan