Қаржы
1 мин оқу 305

Доллар бағамы 497 теңгеден асты

<p style="text-align: justify;">Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы өсті. Ұлттық банк 4 наурыздағы америкалық валюта бағамын атады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.</p>

Таңертеңгілік сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 3,59 теңгеге көтеріліп, 497,02 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банк бекіткен 4 наурыздағы доллардың ресми бағамы 492,28 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу 498,88 теңге, сату 503,66 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 499,72 теңгеден сатып алынып, 503,09 теңгеден сатылып жатыр.

Бөлісу:
Доллар бағамы 497 теңгеден асты · Egemen Qazaqstan