Қысқы спорт
1 мин оқу 232
Паралимпиада-2022: Александр Герлиц мәреге 8-ші болып келді
<p style="text-align: justify;">Бейжіңде өтіп жатқан 2022 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық Александр Герлиц биатлоннан түрегеп жарысу сайысына қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бәсеке нәтижесінде украиналық Григорий Вовчинский мәре сызығын бірінші болып қиды. Екінші орын германиялық Майерге бұйырса, үздік үштікті канадалық Марк Арендз түйіндеді.
Ал қазақстандық спортшы мәреге сегізінші болып келді. Көрсеткіші - 18:40.3. Оның жарыс жеңімпазынан қалып қойған көрсеткіші - +2:22.7.
Енді қазақстандық спортшылар 6, 8, 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды.
Бөлісу:
