Қысқы спорт
1 мин оқу 250

Паралимпиада-2022: Александр Герлиц финалға шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Александр Герлиц шаңғымен тұрып жарысудан Паралимпиада ойындарының финалына шықты. Ол сәрсенбі күні Чжанцзякоу қаласындағы шаңғы спорты ұлттық орталығында өткен жартылай финалда екінші келді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық спортшы жартылай финалда 3 минут 26,3 секунд көрсеткішпен екінші болды. Онымен қатар қытайлық шаңғышы Цай Джун мен неміс М.Майер де финалға шықты.

Сәрсенбі күні (Нұр-Сұлтан уақытымен 12:13) өтетін ақтық сында Александр Герлиц шаңғы жарысының фавориттері – Қытай, Украина, Франция және Германия спортшыларымен жеңіс тұғырындағы орындар үшін таласады.

Бөлісу:
Паралимпиада-2022: Александр Герлиц финалға шықты · Egemen Qazaqstan