Теннис
1 мин оқу 180
Ақтық сында жеңіліс тапты
<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: .1pt;">Елордадағы «Дәулет» теннис орта­лығында ұйымдастырылған ITF World Tennis Tour M25 турнирі мәреге жетті.</span></p>

Жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында 21 жастағы қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев ресейлік Алибек Качмазовпен бас жүлдені сарапқа салды. Бейбіт үш сағатқа созылған матчта 3:6, 7:6 (7:5), 6:7 (4:7) есебімен қарсыласына есе жіберді. Бәсеке барысында Жукаев 23 эйс жасағанымен, 4 брейк-пойнтты пайдалана алмады.
Осы жарыстың финалына дейін жеткен Ақтау теннис мектебінің түлегі дүниежүзілік рейтингте 597-орынға көтерілді.
Бөлісу:
