Өнер
1 мин оқу 1,010

«Ғажайып әлем»

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы №1 Ба&shy;лалар музыка мектебінің үлкен &laquo;Эс&shy;традалық вокал&raquo; бөлімінің 2-сы&shy;нып оқушысы Айзада Аманжол&shy;қызының &laquo;Ғажайып әлем&raquo; респуб&shy;ликалық олимпиа&shy;дасында үздік деп танылып, үздік балалар ертегілер топтамасына енген &laquo;Айзаданың ғажайып әлемі&raquo; ертегісі желісі бойынша М.Дәулетбақ атындағы балалар театры оқу&shy;шы&shy;ларының қа&shy;тысуымен &laquo;Айзаданың ға&shy;жайып әлемі&raquo; атты мюзикл-ертегі премье&shy;расы өтті.</p>

«Ғажайып әлем»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, осы жылды «Ба­ла­лар жылы» деп жариялаған еді. «Бала­ларға ерекше назар аудару керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпы ұлттық міндетіміз», деді Президент. Осы орайда жас бал­дырған Айзаданың қиялынан туған бұл ертегі бақытты балалықты суреттеп, отбасылық құндылықтарды, ата-ана мен бала, туыс арасындағы жылылықты, бауырмалдылықты, жанашырлықты, бір-біріне деген сенімді дәріптеп, жас көрерменнің патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, отбасылық құндылықтарды ны­ғай­тып, шығармашылыққа деген қызығу­шы­лығын арттырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Республикалық түрлі байқауларға қатысып, жеңімпаз атанып жүрген Айзада Аманжолқызының көркемдік жетекшісі – Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Мәдениет саласының үздігі, Қазақ ұлттық өнер универси­тетінің профессоры Майра Дәулетбақ.

Бөлісу: