Аймақтар
2 мин оқу 662

Жел соқса, жарыққа жарымайды

<p style="text-align: justify;">Соңғы жылдары Баянауыл баурайында жел сәл күш алса, жарық өшіп қалатын &laquo;дәстүр&raquo; пайда болды. Аудан орталығындағы ахуал бұл. Шалғайдағы ауыл тұрғындары да жарықтың шарапатын сезініп отырғаны шамалы. Туристерді тартудан бұрын сапалы жарық тартып алған дұрыс-ау.</p>

Жел соқса, жарыққа жарымайды

Баянауыл ауылының тұр­ғы­ны, қоғам белсендісі Айбат Ыдырысов ауа райы құбылса, баянауылдықтар шайнектерін қайнатып, ұялы телефондарын қуаттауға асығатынын айтты. Жарық сөнсе, қай уақытта қо­сы­ла­тынын ешкім білмейді.

– Аудандағы электр жүйе­сі­не қай мекеме жауапты еке­нін ұғына алмай қойдық. Кім жауапты болса да, жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізіп, олқылықтың орнын толтыру керек қой. Жарық неге жиі сөнеді? Сымдар ескірген шы­ғар, өзге де тех­ни­калық себептер болуы мүм­кін. Осы жайлы тұр­ғын­дар­ға дұрыс ақпарат беретін маман жоқ. Ал ай сайынғы тү­бір­текте жарық көрсеткіші бо­йынша артық сома есептелсе, жарықпен «жа­рыл­қай­тындарды» сотқа бер­сең де жеңе алмайсың. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ аса­тын мемлекет» тұ­жырым­дамасын қабылдап, тұрғын­дар­мен ашық диалог орнатуды тапсырған еді. Олар болса, әлі күнге дейін жарық мәселесі бойынша халық алдында есеп берген емес. Аудан әкімдігі де мардымды ештеңе айта алмайды, – дейді Айбат Ыдырысов.

Тұрғындардың базынасын тыңдап, бірден аудан әкімі Серік Батырғожиновқа хабар­лас­тық. Ол бұл қызметке та­ғайын­далғанына көп уақыт бол­маса да, аталған мәселеден хабардар екенін жеткізді.

– Есептік кездесулер кезін­де барлық ауылды аралап шықтым. Шынымен де жа­рық мәселесі өзекті. Көп жер­де электр бағандары өткен ға­сырдың 80-жыл­дары са­лы­нып, әбден тозған. Бұл іске жауапты аймақ­та­ғы монополист ұйым – «Павлодар­энер­­госбыт» ЖШС басшы­лы­ғымен байланыс орнатып, жаңғырту жобаларын қолға алмақпыз. Биыл Ақсаң, Лекер және тағы үш елді мекенде электр жүйесін ретке келтіру жұмыстары жалғасады. Осы­­лай­ша, кезең-кезеңмен бар­лық ауылдағы жарық мә­селесін шешетін боламыз, – деп сен­дір­ді аудан басшысы.

Аймақтағы моно­по­лис­­тер­дің кеудесін керіп, мұр­нын көкке шүйіргенін талай көрдік. Тіпті «қызмет көр­сетуден бас тартамыз» деп жылуға жа­уапты меке­ме­нің облыс әкі­міне сес көрсеткені бар. Айт­пағымыз, Баян­ауыл­да­ғы жа­рық мәселесі жарты жолда қалып қоймаса екен.

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы

Бөлісу:
Жел соқса, жарыққа жарымайды · Egemen Qazaqstan