Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 385

Головкин мен Муратаның рингке шығатын уақыты белгілі болды

<p style="text-align: justify;">IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA (super) белдігінің иегері, жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жектің 9 сәуір күні сағат қаншада басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;sports.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Головкин мен Муратаның рингке шығатын уақыты белгілі болды

Бокс кешінің негізгі карды Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.30-да басталады деп жоспарланған. Ал кештің басты жекпе-жегі шамамен 17.30-да өтпек. Әлбетте бұл уақыт андеркардтағы кездесулердің уақытымен тығыз байланысты. Қысқасы екі мықты арасындағы шайқас 17.30-18.30 аралығында басталуы бек мүмкін. Бокс кешін қазақстандық телеарналардың бірі тікелей эфирден көрсетеді деп күтілуде. Алайда қай телеарна екені әзірге беймәлім.

Бөлісу:
Головкин мен Муратаның рингке шығатын уақыты белгілі болды · Egemen Qazaqstan