Футбол
1 мин оқу 181

Холандқа қолы жетпесе Салахты алуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">Германиялық &laquo;Боруссия&raquo; командасының шабуылшысы Эрлинг Холандты қатарына қосқысы келетін &laquo;Барселона&raquo; футбол клубының басшылары норвегиялық футболшыға қолы жетпесе, &laquo;Ливерпуль&raquo; футболшысы Мохамед Салахқа &laquo;құда түсуі&raquo; мүмкін, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Холандқа қолы жетпесе Салахты алуы мүмкін

Әлбетте, жазғы трансферлік терезе ашылған кезде каталониялық клуб Эрлинг Холандты қатарына қосуды басты мақсат етіп отыр. Әйткенмен «Барселона» басшылары норвегиялық шабуылшыға ұлыбританиялық «Манчестер Сити», испаниялық «Реал» командаларының қызығушылық танытып отырғанын біледі. Сол себепті де қол қусырып қарап отырмай, Мохамед Салахтың командасымен де келіссөздер жүргізуге кірісіп кетті. Тіпті Салахтың агенті «Барселона» президентінің ұсынысына оң қабақпен қараған деген де сыбыс бар.  

Бөлісу:
Холандқа қолы жетпесе Салахты алуы мүмкін · Egemen Qazaqstan