Өнер
2 мин оқу 453

«Туған өлкенің палитрасы»

<p style="text-align: justify;">Сырмақ сыру, алаша тоқу сынды ұлтымыздың ұмыт болып бара жатқан өнерін жаңаша стильде қайта жаңғыртып, төрімізге шығарып жүрген суретшілердің қолдарына Құдай қуат берсін дейміз. Күні кеше Өскемендегі облыстық өнер музейінде &laquo;Туған өлкенің палитрасы&raquo; атты кескіндеме және сәндік қолданбалы өнердің көрмесі ашылды.</p>

«Туған өлкенің палитрасы»

Сонау Алатаудан Алтайға ат арытып, суретшілер Гүл­жамал Тагенова мен Гүл­жанат Қабижановалар ерекше көрме әкелді. Екеуі де Шығыстың тумалары бол­ғандықтан, көрме атауын «Туған жердің палитра­сы» деп қойған екен. Өнер музейіндегі екі залға ілін­ген туындылардан туған жер­дің, ауылдың иісі аңқып тұр­ды. Бояулары ойнақы, қанық әрі мағыналы деп өнер­тану­шылар, көрермендер өз ба­ғаларын беріп жатты. Әсіресе, ортадағы дастарқанда жатқан қызылды-жасылды жіптен тоқылған алмалар көптің көңілін аударды. Шынайы алмадан айырмашылығы жоқ. Өнердің қасиетін түсіне­тіндер асқан шеберлікпен жасалғанын бірден аңғарады.

Қазіргі таңда туған жер­леріне келіп көрме өткізіп жатқан екі суретші де өнер ордасы – Алматыда тұрады, сонда қызмет етеді. Есімдері елімізге танымал шеберлер қазақтың ұлттық өнерін алыс-жақын шетелдерге де танытып жүр.

Гүлжамал Тагенова Қа­зақстан Суретшілер одағы­ның мүшесі, көптеген бай­қаудың жеңімпазы, ха­лық­аралық пленэрлер мен сим­позиумдардың қатысу­шысы және дипломанты. Өмірін өнерге арнаған ол «Сым­бат сән» академиясында сурет пен кескіндемеден сабақ береді. Ал Гүлжанат Қабижанова педагогика ғы­лымдарының кандидаты. Бейнелеу өнерінің көптеген саласында шығармашылық тәжірибесі бар. Атап айтсақ, кітап графикасы, гобелен, киіз, батик, интерьер диза- й­ны сынды салаларын әбден меңгерген. Соңғы жылдары кескіндемемен ғана емес, киізбен жұмыс істеуді қол­ға алған. Сонымен қатар та­биғи жібек пен киізден сәнді киімдер тігіп жүр. Бұл жұ­мыстары үшін Қазақстан Сурет­шілер одағының алтын ме­далімен де марапатталған.   

– Зайсан қаласында туып-өстім. Мектепті тәмам­да­ған соң арман қуып Алма­тыға кеттім. Содан бері өнер жолында еңбек етіп ке­лемін. Ал туған өңірде ал­ғаш рет көрме өткізіп отыр­мыз. Кө­рермендердің қызығу­шы­лығына риза болдым. Бұған дейін шетелдерге көп ша­қырту алып тұрдық. Бұдан бы­лай Өскеменге жиі келе­міз. Кейінгі жылдары тоқы­ма өнерімен, гобеленмен, кестемен айналысып жүр­мін. Суретші болған соң кес­кіндеме, акварель, гра­фиканы да тастамаймыз, – дейді суретші Гүлжанат Қабижанова.

Айта кетсек, екі сурет­шіміз де Халық­аралық тә­уелсіз әйел су­рет­ші­лер қо­рының мүшесі. Ұлт­­тық өнер­ді әлем­дік дең­гейге кө­теру ба­ғы­тын­да аян­бай еңбек етіп келе жат­қан­дықтарын, Өске­мен­дегі көр­меден-ақ көруге болады. Суретшілердің айтуынша, «Туған өлкенің па­ли­трасы» атты көрмеге қойыл­ған жұ­мыстарға сұра­ныс болса, сатылуы да мүм­кін. Көрме 10 сәуірге дейін жалғасады.

 

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
«Туған өлкенің палитрасы» · Egemen Qazaqstan