Экономика
1 мин оқу 350

Отынға акциз мөлшерлемесін арттыру қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді – ҚР ҰЭМ

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі &laquo;Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы&raquo; Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жобада мыналар көзделген:

– өндірушілердің бензинді, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспалары мен экологиялық отынды көтерме саудада өткізуіне арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тоннасына 24 435 теңгеден 38 134 теңгеге дейін ұлғайту;

– өндірушілердің дизель отынын көтерме саудада өткізуіне арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тоннасы үшін 9 300 теңгеден 35 726 теңгеге дейін ұлғайту;

– дизель отынына акциздердің маусымдық өзгеруін болдырмау;

– дизель отынының импортына акциздердің тең мөлшерлемесін белгілеу;

– дизель отынына ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын нақтылау.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, акциз мөлшерлемелерін ұлғайту мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджетке қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Отынға акциз мөлшерлемесін арттыру қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді – ҚР ҰЭМ · Egemen Qazaqstan