Пікір
1 мин оқу 900

Саяси және экономикалық реформалар қатар жүруге тиіс

<p style="text-align: justify;">Президент ұсынған реформаның негізгі мәні &ndash; мемлекет, яғни билік өкілдері мен бұқара арасында нақты нәтиже беріп, қордаланған проблемалардың жүйелі шешімін табуға арқау болатын екіжақты тиімді диалог ұйымдастыру. Аймақтық, жергілікті өзін-өзі бас&shy;қару органдарының белсен&shy;ділі&shy;гін жетілдіру, азаматтық қоғам инс&shy;&shy;титуттарының рөлін нығайту&shy;&shy;ды көз&shy;дейді. Жүйенің қалыпта&shy;суы&shy;на ке&shy;дер&shy;гі тигізіп отырған әкім&shy;ші&shy;лік ықпал, әсерді әлсіретуге бағытталған.</p>

Саяси және экономикалық реформалар қатар жүруге тиіс

Көңілден шыққан тағы бір мәселе, Президенттің жақын туыс­­тарының мемлекеттік орган­дар мен квазимемлекеттік меке­ме­лер­дің басшылығына тағайын­да­луы­на тыйым салынуы. Ай­мақтық-әкімшілік реформа мем­лекеттік басқару органдарын ана­ғұрлым халыққа жақындатып, өңір-өл­кенің кешенді дамуын өндірістік, әлеуметтік, инф­ра­құ­рылымдық тұрғыдан қамта­масыз етуге тиіс.

Президент саяси реформаларды кезең-кезеңімен және табанды түрде жүзеге асырып келеді. Жүйелі жұмыстың негізі де байқалады. Кейінгі үш жылда еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғырту қажеті, әрбір азаматтың саяси сауаты мен саяси мәдениетін қалыптастырудан тыс, меңгеру деңгейінің сапасы да маңызды екенін айтып жүр. Себебі саяси реформаның эконо­микалық реформалармен қатар жүруі өзекті.

Табысты экономикалық өсім саяси жүйенің икемділігіне де бай­ланысты. Ал саяси жүйенің негіз­гі формуласы: мықты Прези­дент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет. Бұл қағи­да жүзеге асырылғанда ғана қоғам­ның ашықтығы, саяси бастама­лардың жариялылығынан үлкен қайыр бар. Мемлекет басшы­сы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­жырым­дамасының өміршеңдігі де жұрт үшін маңызды.

Ғазиз ҚҰЛАХМЕТОВ,

Мәжіліс депутаты

Бөлісу:
Саяси және экономикалық реформалар қатар жүруге тиіс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар