Президент Дархан Кәлетаевты «Барыс» орденімен марапаттады
<p style="text-align: justify;">ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырғаны үшін дипломаттарды марапаттады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.akorda.kz/ru/o-nagrazhdenii-gosudarstvennymi-nagradami-respubliki-kazahstan-1721644" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ақорда</a> баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы» жарлығына сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтарын Украинадан эвакуациялау бойынша жұмыстарды сәтті ұйымдастырғаны үшін»:
ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
Кәлетаев Дархан Аманұлы - ҚР Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
І дәрежелі «Айбын» орденімен
Қызыр Думан Манарбекұлы - ҚР Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі;
ІІ дәрежелі «Достық» орденімен
Қаражанова Макка Сағынғалиқызы – Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі;
Маслюк Галина Дмитриевна - ҚР Львов қаласындағы Құрметті консулы (Украина);
«Құрмет» орденімен
Аслан Аманжолұлы Әлібеков - ҚР Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі (Консул міндетін атқарды);
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы - ҚР Молдова Республикасындағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі;
Кагенов Азамат Мағжанұлы - ҚР Румыниядағы Елшілігінің атташе-консулы;
Маманов Дархан Серікұлы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы-консулы;
Сәбитұлы Бекзат - ҚР Польша Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы-консулы;
«Шапағат» медалімен
Амангелдин Руслан Берекеұлы - ҚР Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары;
Денисенко Анна Владимировна - ҚР Украинадағы Елшілігінің консулының көмекшісі;
Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы - ҚР Украинадағы елшілігінің екінші хатшысы;
Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы - ҚР еріктілер корпусының басшысы.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
