Өнер
1 мин оқу 540

«Әуен» салған ән қандай!

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданы өзінің әншілік мектебімен абырой биігіне көтерілген өңір. Сол дәстүр бүгінде сәтті жалғасын тапқан. Мысалы, таяуда ғана аталған аудандағы өнер мектебінің &laquo;Әуен&raquo; балалар ансамблі республикалық &laquo;Сал домбыра&raquo; байқауында бас жүлдені жеңіп алды.</p>

«Әуен» салған ән қандай!

Айта кету керек, Алматыда өткен шығармашылық байқауда еліміздің  түкпір-түкпірінен келген 214 дарын бақ сынаған болатын. Ал өнер са­йысын­да халық әндерінен попурриді эстрадалық нұсқада орындаған  Ақтоғайдың әнші балдырғандары 38 ұжымның ішінен дара шықты.

«Әуен» тобының жетекшісі Сала­мат Мүбәрәк өнер ұжымының 2016 жылы құрылғанын айтады.

– Жаңа құраммен 2020 жылдан жұмыс істей бастадық. Содан бергі уақыт ішінде ансамбль бірнеше ірі өнер до­дасына қатысты. Қол жеткізген табыс та аз емес. Жалпы, ре­пер­туа­ры­мызда алты ән бар. Ансам­бль құра­мындағы сегіз қыздың бар­лығы вокал бойынша білім алады, – дейді ол.

Сонымен бірге топ құрамындағы жеке орындаушылар Кәусар Қанат пен Дильяра Нұрахмет аталған бай­қауда көзге түсіп, қазылар мен көрер­меннің ыстық ықыласына бө­леніпті. Кәусар өзімен жасты 42 әнші қатысқан сайыста бас жүлдені жеңіп алса, Дильяра бірінші орынға иелік еткен екен. 

Қарағанды облысы

Бөлісу:
«Әуен» салған ән қандай! · Egemen Qazaqstan