Елорда
1 мин оқу 246

Елордада 44 жастағы әйел ескірткімен ұсталды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті 44 жастағы әйелден ірі көлемдегі есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қалалық Полиция департаментінің деректеріне қарағанда, күдікті Сүгір Әлиұлы көшесінде ұсталған. Сол жерде тәртіп сақшылары оның үйіне тінту жүргізіп, төрт келіге жуық гашиш пен басқа да айғақ заттар тапқан.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Егер күдікті кінәсін мойындаса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу:
Елордада 44 жастағы әйел ескірткімен ұсталды · Egemen Qazaqstan