Ауа райы
1 мин оқу 250

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 19-21 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Апта соңында, Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады, осыған байланысты аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда, 20 наурызда солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарға жаңа жер аудандарынан циклон шұңқыры әсер ете бастайды.

Циклон біртіндеп оңтүстік-шығыс бағытқа ауысып, 21 наурызда республиканың көп бөлігін қамтиды. Осыған байланысты ауа температурасының жоғарылауы және ауа райының нашарлауы күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста аралас жауын-шашын, желдің күшеюі, боран болады. Республика бойынша тұман күтіледі», делінген синоптиктер хабарламасында.

Бөлісу:
Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы · Egemen Qazaqstan