Ернар Жұматаев жаңа қызметке тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры қызметіне Ернар Құрбанбекұлы Жұматаев тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Ернар Жұматаев 2006 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығын профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдаған.
2006-2007 ж.ж. Тазабеков театрында актер.
2007 ж. Астана қаласы Жастар театрында актер.
2008 ж. «Денар» тобын құрды. Осы жылдан бастап
2015 жылға дейін «Денар» тобында әнші, әрі продюсер болды.
2011-2014 ж.ж. Алматы қаласы М.Әуезов ауданында мәдени іс-шаралардың ұйымдастырушысы.
2014-2015 ж.ж. Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мәдениет бөлімінің бастығы.
2015-2016ж.ж. Бейбітшілік және келісім сарайы директордың бірінші орынбасары.
2016-2020 жж Нұр-Сұлтан қаласы Жастар театрының директоры.
2020-2022 жж. Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры болып қызмет атқарды.
