Ауа райы
1 мин оқу 191
Ертең Қостанайда боран соғады
<p style="text-align: justify;">21 наурыз күні Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Ауа-райына байланысты өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жететін жел тұрады» делінген облыстық ТЖД хабарламасында. Сондай-ақ облыстық ТЖД азаматтардан мүмкіндігінше автокөлікпен ұзақ сапарлардан аулақ болуды сұранды.
Бөлісу:
