Әлем
1 мин оқу 220

Бразилияда толассыз жауыннан 7 адам көз жұмды

Бразилияның Рио-де-Жанейро штатында толассыз жауған жаңбыр салдарынан кемінде жеті адам қаза тауып, төрт адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы дүйсенбі күні Globo телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпан айында жауған жаңбырдың салдарынан 230-дан астам адам қаза тапқан таулы Петрополис қаласында құтқарушылар апаттан зардап шеккен тағы бес адамның денесін тапты.

Префектураның мәліметі бойынша, қаланың әртүрлі бөліктерінде жексенбі күні небәрі 12 сағаттың ішінде 307-ден 370 мм-ге дейін жауын жауған. Ал ақпандағы қайғылы күні Петрополисте 260 мм жауын жауды.

Оқиға орнына құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр. Рио-де-Жанейро штатының оңтүстік жағалауындағы Ангра-дус-Рейс курорттық қаласында тағы екі адам қаза тапты.

Бөлісу:
Бразилияда толассыз жауыннан 7 адам көз жұмды · Egemen Qazaqstan