Өзбекстан үш жылға жарамды IT виза енгізеді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Өзбекстан 1 сәуірден бастап инвесторлар, IT компания құрылтайшылары, ақпараттық технология саласындағы мамандарға және олардың отбасына IT виза бере бастайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Өзбекстанның IT-паркіне сілтеме жасап.</span></p>
Жеке тұлғаларға IT виза үш жылға дейін беріледі.
Яғни, бұл визаны алған азаматтар үш жыл бойы Өзбекстанға емін-еркін кіріп-шыға алады. Оған қоса, Өзбекстан азаматтарына қарастырылған білім және медицина қызметтерін алу құқығы қарастырылған.
Айта кетсек, жиза IT-парктің ұсынысымен беріліп отырады. Оны алу шарттары мақсатына қарай ерекшеленеді.
IT-визаға берілген өтініш үш жұмыс күні ішінде қарастырылады.
