Әлем
1 мин оқу 520

Лондонда да Наурыз мейрамы атап өтілді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ұлыбритания астанасы Лондонда Наурыз мейрамы кеңінен тойланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен Лондон Университеттік колледжінің қазақ студенттер қоғамы ұйымдастырған Наурыз мерекесінде қазақ мәдениеті мен өнері таныстырылды.

Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ ұйғыр диаспорасы Орталық Азия көктем фестиваліне қатысты.

Іс-шараға британ астанасының мыңдаған тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Мерекелік концерт аясында Қазақстан Елшілігінің өкілдері қазақ халық әндерін, сондай-ақ танымал заманауи композицияларды орындады.

Ұлттық стендте зергерлік бұйымдар, ұлттық киім, тұрмыстық заттар, ұлттық тағамдар, сондай-ақ Қазақстанның тарихы, мәдениеті және қазіргі заманы туралы кітаптар мен брошюралар ұсынылды.

Бөлісу: