Аймақтар
2 мин оқу 514

Шымкент аспаздық орталыққа айналады

<p style="text-align: justify;">Шымкент жасыл желегімен ғана емес, дәмді тағамдарымен де танымал мегаполис. Екі мыңнан аса тамақтану орны бар қаланы еліміздің гастрономиялық орталығы ретінде де танытуға мүмкіндік мол. Осы мақсатта ұйымдастырылған &laquo;ДәмДәсTour&raquo; жәрмеңкесінде қаланың 48 қоғамдық тамақтану орны өзара тәжірибе алмасып, өнімдерін көпшілікке ұсынды.</p>

Шымкент аспаздық орталыққа айналады

«Наурыз – Шымқалада» мерекелік бағдарламасы аясында өткен «ДәмДәсTour» тұңғыш ресторандар жәр­мең­кесіне жергілікті Wok-Wok, BarVilka, «Бахчи-Сарай», «Кәусар», Kөk-Saray, TheПАПА, «Ладушки», «19.06» «Мадлен», The secret, Happy cake, «Афрасиаб», «Кофе молка», «Блинчик» сынды 50-ге жуық тамақ­тану орны қатысты. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жәр­меңкеде болып, тамақтану орындарының ұжымына ал­ғысын айтты. Ресторан өкіл­дері дайындаған тағамдар 6 номинация бойынша сарапқа салынды. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарды қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов марапаттады. Нақтырақ айтсақ, «Үздік Fast-Food» аталымы бойынша «Кофе молка» , «Үздік самса» – «Камал ата», «Үздік кәуап»  – «Сафари», «Үздік кондитерлік өнім» – «Мадлен», «Үздік наурыз көже» – «Блинчик», «Үздік палау» – «Афрасиаб» ресторандары жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға қаржылай сый-сияпаттар табыс етілді.

Жәрмеңке барысында ме­рекелік кеш ұйым­дас­тырылып, әнші Argonya және Metis,s тобы мен қалаға танымал өнер жұлдыздары ән шырқады. Сондай-ақ келушілер арасында конкурстар мен ойындар ұйымдастырылды. Кә­сіпкерлер арнайы да­йын­даған мерекелік тағам­да­рын сатылымға қо­йып, табыс көзінің өсуіне мүм­кіндік алды. Сондай-ақ жәрмеңкеге ке­луші қала тұр­ғындары мен қонақтары «Шымкент шайынан» тегін дәм татты. Қаланың 2200 жылға жуық тарихы шеңберінде іске асқан шара – Қазақстан Рекордтар кітабына (Қазақстандық Ақпараттық-Энциклопедиялық анық­та­­малық) енгізу бойынша, гас­трорекордқа ұсынылды. Ahmad tea өндірушілерінің қол­дауымен дайындалған шай 2200 адамға таратылды.

Осылайша Шымкент қаласында алғаш рет жүзеге асқан шара жергілікті қо­ғам­дық тамақтану орын­да­рының бәсекелестігін арттырып, сер­вис­тік қызметтің жандана түсуіне мүмкіндік берді.

 

Шымкент

Бөлісу:
Шымкент аспаздық орталыққа айналады · Egemen Qazaqstan