Ауа райы
2 мин оқу 310

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 24 наурызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Циклон жырасы бұрынғысынша ҚР солтүстік өңірлеріне ықпал ететін болады, сондай-ақ фронтальды бөліктердің өтуімен елдің солтүстігінде, шығысында жауын шашын, солтүстігінде, шығысында қар түрінде, ал оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста бұрқасын күтіледі. Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м / с, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Павлодар облысында түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында екпіні 25 м / с, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с , күндіз екпіні 23 м/с бұрқасынмен, күндіз көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі, жолдарда көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында солтүстікте жаяу бұрқасын, облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстігінде және шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі, облыстың түнде орталығында, күндіз солтүстік-шығысында жел күшейеді екпіні 18 м/с жетеді. Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың оңтүстігінде және шығысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының күндіз батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жел күшейеді.

Атырау облысының батысында, шығысында және Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде тұман болады.

Бөлісу:
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы · Egemen Qazaqstan