Аймақтар
1 мин оқу 200

Павлодар облысында жоғалған балықшылар табылды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облыстық ТЖД-ға Ертіс өзенінің бойында балықшылардың жоғалып кеткені туралы хабарлама&nbsp;23 наурыз сағат 22:40-та түскен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жоғалған адамдарды іздеуге Ақтоғай ауданының №15 өрт сөндіру бөлімінің бес қызметкері, жергілікті тұрғындар мен полицей шыққан.

– Балықшылар 24 наурызда сағат 00:45-те Қараоба ауылынан 12 шақырым жерде табылды. 40 және 59 жастағы балықшыларға құтқарушылардың көлігіне жетуге көмек көрсетілді, – деді  департамент өкілі. 

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.

Бөлісу:
Павлодар облысында жоғалған балықшылар табылды · Egemen Qazaqstan