Қоғам
1 мин оқу 230

Ресей Қазақстанмен шекарадағы шектеулерді алып тастады

<p style="text-align: justify;">Ресей 30 наурыздан бастап Қазақстан және Моңғолия шекараларымен өтуге қойылған шектеуді алып тастайды. Бұл туралы бейсенбі күні журналистерге коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі жедел штабтан мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.</p>

«Жаңа коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб 2022 жылғы 30 наурыз, Мәскеу уақытымен сағат 00:00-ден бастап Ресей-Қазақстан шекарасының құрлық учаскесі арқылы Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының Қазақстанға шығуына қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ Моңғолия азаматтары Ресейге және Ресей азаматтары Моңғолияға Ресей-Моңғолия шекарасының құрлық учаскесі арқылы өте алады», деп хабарлады штаб.

Штаб мәліметінше, Моңғолиядан Ресейге келетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға да шектеулер алынып тасталды.

Ресей 2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Моңғолиямен, 2020 жылдың 21 қыркүйегінен бастап Қазақстанмен әуе қатынасын қалпына келтірді.

Бөлісу:
Ресей Қазақстанмен шекарадағы шектеулерді алып тастады · Egemen Qazaqstan