Футбол
1 мин оқу 590
Әлем чемпионаты екінші рет Италиясыз өтеді
<p style="text-align: justify;">Әлемнің төрт дүркін чемпионы саналатын Италия құрамасы қатарынан екінші рет әлем чемпионатына қатыспайтын болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Әйгілі Италия құрамасы әлем чемпионатына жолдама үлестіретін електік кезеңнің жартылай финалында сүрінді. Солтүстік Македония құрамасына қарсы жасыл алаңға шыққан Италия футболшылары қарсыластарына 0:1 есебімен жол беріп, төртжылдықтың басты додасынан тыс қалды. Бұған дейін Италия құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына қатыса алмаған болатын. Енді биыл Катарда өтетін додаға жолдама иелене алмады.
Бөлісу:
