Туризм
1 мин оқу 580

Ұлттық парктерде саяхаттау құны нақтыланды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексіне Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілейтін түзетулер дайындады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өзгерістер 591-бапқа енгізіледі.

Атап айтқанда, келесі төлемақы мөлшерлемелері көзделеді:

  • Жаяу жүргіншіден - 0,1 АЕК (306,3 теңге);
  • Мотоциклдер, мопедтер, квадроциклдер - 0,2 АЕК (612,6 теңге);
  • Жеңіл автомобильдер - 0,3 АЕК (918,9 теңге);
  • 16 орынға дейінгі шағын автобустар және жүк автомобильдері - 1 АЕК (3063 теңге);
  • 32 орынға дейінгі автобустар - 2 АЕК (6126 теңге);
  • 32 орыннан жоғары автобустар - 3 АЕК (9189 теңге).

Көрсетілген мөлшерлемелер ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін белгіленеді.

Құжат 6 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.

Қазіргі уақытта Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары келушілер санатына бөлінбестен, 0,1 АЕК есебінен айқындалады.

Бөлісу:
Ұлттық парктерде саяхаттау құны нақтыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар