Оқиға
1 мин оқу 312

Екібастұзда 36 жастағы дәнекерлеуші биіктен құлады

<p style="text-align: justify;">Екібастұзда дәнекерлеуші жігіт қазандық құбырын жөндеу кезінде қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«25 наурыз күні сағат 23:00-де Екібастұз қаласындағы ЖШС-нің бірінің өндірістік цехында 36 жастағы газ-электр дәнекерлеушісі қазандық құбырларында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 74 метр биіктіктен құлап кеткен. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп хабарлады журналистерге Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Бөлісу:
Екібастұзда 36 жастағы дәнекерлеуші биіктен құлады · Egemen Qazaqstan