Оқиға
1 мин оқу 844

Медиаменеджер Батыр Қазыбаев өмірден өтті

<p style="text-align: justify;">Танымал медиаменеджер, журналист Батыр Кәкімжанұлы Қазыбаев 53 жасына қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Көрнекті журналист, жазушы Кәкімбек Қазыбаев пен белгілі ұстаз Орынша Қарабалина-Қазыбаеваның шаңырағында 1969 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген ол әке жолын қуып, отандық журналистика саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Батыр Кәкімжанұлы бірқатар телеарнаны, бірнеше радиостансаны, газеттер мен веб-порталдарды біріктіретін медиахолдингті 10 жылдан астам басқарып, өзін білікті медиаменеджер ретінде көрсете білді.

2017 жылы Қазақстан Медиа Альянсының құрылтайшыларының бірі әрі Басқарма мүшесі болды.

Ол негізін қалған телеарна, радиостансалар, интернет-жобалар әлі күнге дейін табысты жұмыс істеп тұр.

Батыр Қазыбаев ұзаққа созылған сырқатынан қайтыс болды.

Бөлісу: