Ұлт ұстазының мұрасы ұлықталды

<p style="text-align: justify;">Қызылордада &laquo;Ахмет Байтұрсынұлы &ndash; қазақ жазуының реформаторы және латын қарпіне көшудің бүгінгі жай-күйі&raquo; атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Orda жоғары колледжінің ұйымдастыруымен өткен шараға еліміздің әр түкпірінен онлайн форматта қатысқан ғалымдар конференция тақырыбына сай баяндама жасады.</p>

Ұлт ұстазының мұрасы ұлықталды

ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы «Ахмет Байтұрсынұлы және кірме сөздер мәселесі» тақырыбында баяндама жасаса, тағы бір көрнекті ғалым – академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы Ахаңның Алаш руханиятын сапаландыру жобасы жайында ой өрбітті.

Батыс Қазақстан инновациялық-техноло­гиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр Бай­тұрсынұлы көтерген білім беру саясаты туралы айтып өтті, Мемлекеттік тілді дамыту инс­титутының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт Қапалбек Ахмет Байтұрсынұлының бастауыш мектепте білім берудегі ұстанымдарын талдады. Тілдің әлеуметтік саралануы мәселесін Ахмет Байтұрсынұлымен байланыстыра баян­даған Қорқыт ата атындағы Қызылорда уни­верситетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов тұжырымы да ұлт ұстазының 150 жыл­дығына орай ұйымдастырылған кон­ференциядағы қызықты тақырыптардың бірі болды.

ҚЫЗЫЛОРДА

Бөлісу: