Спорт
1 мин оқу 420
Қазақстандық алты ауыр атлет допинг дауына ілікті
<p style="text-align: justify;">Бүгін қазақстандық алты ауыр атлет допинг дауына ілікті. Олардың допинг талдаулары оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді.
Бақылау қорытындысы бойынша келесі спортшылар допинг қолданғаны анықталды:
- Абылай Әуелханов;
- Игорь Сон;
- Юлия Потасова;
- Руфина Шалқарова;
- Алексей Дроздов;
- Матвей Макрушин.
Барлық спортшылар Алматы облысының өкілдері.
ҚР Ауыр атлетика федерациясы оқиғаға қатысты ішкі тергеу жүргізуді жоспарлап отыр.
Бөлісу:
