Президент
1 мин оқу 333
Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы шақырылды
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Сессия 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын шақыру туралы 2022 жылғы 29 наурыз
- Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы 2022 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен шақырылсын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 29 наурыз
№ 295
Бөлісу:
