Жекпе-жек
1 мин оқу 581

Чимаевты асыра мақтаудың қажеті жоқ – Гилберт Бернс

<p style="text-align: justify;">Оныншы сәуір күні өтетін UFC-дің кезекті турнирі аясында швециялық Хамзат Чимаевқа қарсы октагонға шығатын Гилберт Бернс қарсыласының деңгейі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Sports.ru-ға сілтеме жасап.</p>

Чимаевты асыра мақтаудың қажеті жоқ – Гилберт Бернс

«Оның мықты спортшы екендігіне ешқандай күмәнім жоқ. Алайда жанкүйерлер оны теңдессіз шеберге теңеп жататыны бар. Мақтаған кезде асыра сілтеудің қажеті жоқ. Хамзаттың мықты күресетінін, соққысының жойқын екенін білеміз. Алайда ол теңдессіз спортшы емес. Жекпе-жектерінде бірнеше нокаут көрдік, қарсыластарына қарағанда күресінің деңгейі жоғары екенін байқадық. Әйткенмен мен оны аса мықты спортшылардың қатарына қоса алмаймын», деді Бернс өз ойын білдіріп.

Бөлісу:
Чимаевты асыра мақтаудың қажеті жоқ – Гилберт Бернс · Egemen Qazaqstan