Өзбекстан мен Түркия Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
<p style="text-align: justify;">Кеше Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған жұбайымен бірге Өзбекстанға ресми сапармен келді. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.</p>
Куксарой резиденциясында Шавкат Мирзиёев пен Режеп Тайып Ердоғанның шағын құрамдағы келіссөздері өтті.
Екі ел басшылары өзара сыйластық, достық және сенімге негізделген көп қырлы өзбек-түрік ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.
Келіссөздер барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастарының деңгейін көтеру, саяси, парламентаралық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелеріне басты назар аударылды.
Шавкат Мирзиёев пен Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыты бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейту екенін атап өтті.
