Медицина
1 мин оқу 294

Аорта қатпарлануы бар жүрекке жасалған ота

<p style="text-align: justify;">&laquo;Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бо&shy;йынша қызмет жеткізушілерінің бірі &ndash; №2 көпбейінді қалалық аурухана. Аурухананың Шұғыл кардиология және кардиохирургия орталығында МӘМС аясында пациенттерге қымбат оталар күнделікті жүргізіледі. Бұл жолы аорта қатпарлануы бар жүрекке күрделі қайталама ота жасалды&raquo;, деп хабарлады &laquo;Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры&raquo; КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойын&shy;ша филиалының баспасөз қызметі.</p>

Аорта қатпарлануы бар жүрекке жасалған ота

Ота аорта доғасын қайта жа­ңар­тудың екінші кезеңін жүргізу үшін жасалды, түзетудің бірінші кезеңі Бенталь де Боно операция­сы шамамен екі ай бұрын жасалды.

«Біз аорта доғасында аорта до­ғасын протездеу және аорта доғасының барлық бұтақтарын аортаның көтерілген бөлігінің про­тезіне қосу арқылы қайта жа­ңар­ту отасын жасадық. Аорта доға­сындағы ота ке­зін­де стандартты жасанды қан айналымы­нан басқа, миды қор­ғауды қамтамасыз ету қажет. Өз ке­зегінде жүрек-қантамыр хирур­гиясында миды қорғау өз алдына бөлек көп компонентті проблема болып саналады. Бұл жағдай отаның өзін едәуір қиын­датады, неврологиялық және басқа да асқынулардың пайда болу қаупін арттырады. Ота қан жоғалтпай, асқынусыз, сәтті өтті. Науқас екінші күні реанимация­дан бөлімшеге ауыстырылды», деді жүрек-қантамыр хирургия­сы бөлімшесінің мең­герушісі Алексей Смоленский.

Айта кетейік, егер пациент МӘМС жүйесінде сақтан­ды­рыл­маған болса, бұл ота 2,5 млн теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта пациент Ю.К. өзін жақсы сезінеді жә­не дәрігерлерге алғыс айтты: «МӘМС жүйесі арқылы осын­дай жоғары технологиялық қыз­меттер маған тегін көрсетілді. Ота өте күрделі болды, өте жақсы жүргізілді. Қазір өз қалпыма жылдам келудемін, №2 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлеріне қамқорлықтары мен кәсіби бі­ліктіліктері үшін алғыс айтқым келеді».

Дәрігерлер тәуекел еткен ерек­­ше ота сәтті өтіп, науқас жағ­дайы­ның дұрыстала бастағанына қуанышты.

Бөлісу: