ANTIKOR
1 мин оқу 422

«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы басқарушы директоры жемқорлықпен ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі &laquo;ӨКМ Операторы&raquo; ЖШС бұрынғы басқарушы директорын ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ол «Жасыл Даму» АҚ («ӨКМ Операторы» ЖШС құқықтық мирасқоры) тұлғасында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіре отырып, істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы «RecyclingCompany» ЖШС-не заңсыз түрде қайта тіркеп, 13 млрд теңгеден астам сомада сеніп тапсырылған ақша қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Қылмыстық әрекеттер 2016-2019 жылдар аралығында «ӨКМ Операторы» ЖШС басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалды» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.

Оның іс-әрекеттеріне қорытынды құқықтық бағалауды сот береді. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы басқарушы директоры жемқорлықпен ұсталды · Egemen Qazaqstan