Аймақтар
1 мин оқу 240
БҚО-ның тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды
<hr /> <p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Көктемгі су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Бөрлі ауданы әкімдігінен мәлім еткендей, төтенше жағдайларды жою бойынша аудандық штаб құрылып, қауіпті аумақтарда тәулік бойы жұмыстар жүргізілуде.
Қызылтал ауылының тұрғындары үшін үйлері суға кету қаупі төнген жағдайда Ақсай қаласындағы 7-орта мектепте тәулік бойы эвакуациялық қызмет орталығы ұйымдастырылды.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты 8-705-447-09-19 нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.
Бөлісу:
