Қоғам
1 мин оқу 430

Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы қаншалықты қымбат

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">2022 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 11,4%-ға қымбаттады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

ҚР Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес, өткен аптаның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы – 1,3, ал айдың басынан бері – 9,1, жыл басынан бері 11,4 пайызға қымбаттаған. Жылдық мәнде 19 тауар атауын қамтитын азық-түлік бағасы 18,6 пайызға көтерілген. Бұл 2021 жылдың дәл осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 8,1 пайызға жоғары.

Сонымен бюроның статистикалық мәліметтеріне қарағанда, елімізде келесі азық-түліктердің орташа бағасы келесідей: бір келі ұн - 193, нан – 171, күріш – 265, қарақұмық – 458, күнбағыс майы – 788, сиыр еті – 2131, тауық еті – 1033, қант – 397, он дана жұмыртқа– 391 теңге.

Бөлісу:
Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы қаншалықты қымбат · Egemen Qazaqstan