3 сәуірге арналған ауа райы болжамы
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін Қазақстанның басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің солтүстігінде, батысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, найзағай болжанады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болжанады, өңірдің батысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 23 м/с дейін жетеді.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнап, батысында, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 23 м/с дейін артады. Оған шаңды дауыл қосылады.
Атырау облысының шығысында, күндіз батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.
Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болжанады.
