Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады
<p style="text-align: justify;">4 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.</p>
Тек батыста, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста найзағай, шаңды дауыл күтіледі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с екпінде жел соғады, күші 23-28 м/с дейін артады. Өңірдің шығысында тұман болады.
Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде 15-20 м/с екпінде жел соғады. Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрып, өңірдің солтүстігінде найзағай ойнайды.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман түседі.
Алматы облысының Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Өңірдің солтүстігінде тұман болжанады.
Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман түседі.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с артады.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел күшейеді.
